Ақтөбеде соңғы тәуліктерде 400 адам көктайғақтан зардап шекті

352

Олардың дені егде жастағылар. 

Ақтөбеде соңғы тәуліктерде 400 адам көктайғақтан зардап шекті Фото: Әзиз Жанұзақ

Дәрігерлердің көмегіне күн сайын 100-ге жуық тұрғын жүгінуде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Көбінің жарақаты жеңіл. Дегенмен, аяқ-қолдарын сындырғандар да бар. Облыстық көпсалалы аурухананың науқастарды қабылдау бөлімі қауырт жұмыс істеп жатыр. Дәлізде кезек күтіп отырғандар көп. Дәрігер-травматолог Игнат Кәкімжановтың айтуынша, 40-қа жуық науқас ауруханаға жатқызылған.

"Травматология бөліміне 28, хирургияға 2, нейрохирургияға 8 адам жатқызылды. 360 науқасты үйлеріне жібердік. Олар өздерінің учаскелік дәрігерінің бақылауында болады. Көшеде тайып құлап жатқандар көп. Сондықтан, мейлінше сақ болу қажеттігін ескертеміз", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу