Ақтөбеде спорт мектептерінің басшылары бюджет ақшасын құмар ойынға салған

714

Спорт мектептерінің басшылары 6 млн теңгеден астам бюджет қаражатын өз мүддесіне пайдаланған.

Ақтөбеде спорт мектептерінің басшылары бюджет ақшасын құмар ойынға салған Фото: canva.com

Ақтөбедегі спорт мектептерінің басшылары бюджет қаражаттарын букмекерлік кеңселерге салған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура анықтағандай, олар бюджетке түсуге тиісті спорт алаңдары мен залдарды жалға беруден, сондай-ақ әуесқой спорт командаларынан алынған қаражатты жымқырған.

Соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Спорт мектептерінің басшылары 6 млн теңгеден астам бюджет қаражаттары заңсыз жұмсаған, - делінген хабарламада.

Бұл қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап, букмекерлік кеңселердегі ставкаларға тіккен.

Сонымен қатар, "Ақтөбе" футбол клубы командасының ұшуы бойынша әуе қызметтерін 165 млн теңгеден астам көтерілген бағамен бірнеше делдал арқылы сатып алу фактілері анықталды.

Аталған жағдайлар бойынша ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар, тексеру нәтижелері Ақтөбе облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, жауапты мемлекеттік органдарға бұқаралық спортты қаржыландыру жағдайын түзету, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу