5 жанұяға "Нұр Ақтөбе" шағын ауданынан пәтер кілті салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды 24 кz.
Су тасқыны кезінде барлығы 600 саяжай үйін су басқан. 81 үй тұруға жарамсыз болып, қирап қалды. Тасқынның беті қайтқаннан кейін, 7 мобилді топ үй-үйді аралап, материалдық шығынды есептеп шыққан болатын. Дайын пәтерден бөлек, 66 тұрғынға жер телімі берілді. Олар қала маңындағы Қурайлы, Сазды, Қызылжар ауылдық округтеріне орналасады. Оларға үй құрылысына 1 млн теңгеден бөлінді. Қаражат қала әкімдігінде арнайы құрылған қайырымдылық қорынан алынған. Сондай-ақ "Кірпішті" ауданында орналасқан 200-ден астам саяжайға "жеке тұрғын үй" құжаты беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу