Ақтөбеде суағар жүйесін салуға 100 млн теңге бөлінді

1114

Ақтөбеде суағар жүйесін салуға 100 млн теңге бөлінді

Ақтөбеде суағар жүйесін салу үшін биыл 13 жобаның сметалық құжаттары дайындалады. Бұл үшін 100 млн теңге бөлінген.

Суағарлар əсіресе қаладағы "Батыс-2", "Нұр Ақтөбе" секілді су басу қаупі жоғары аудандарда салынады. Ал қазір қала көшелерінің басым бөлігінде арық жоқ. Жылда көктемде көшелерге су жиналып, тұрғындар əуреге түседі.

Жалпы қазір қалада су тасқынының алдын алу үшін арнайы штаб құрылды. Құтқарушылар қауіпті аумақтарға шақыртумен барады. Наурыз айының ортасынан бастап осы күнге дейін жүзге жуық тұрғын хабарласып, 75 мың текше метр су сорылған.

Ақтөбе қаласы əкімінің орынбасары Нағымжан Алдияровтың айтуынша, су тасқынының алдын алу жұмысына биыл 450 млн теңге бөлінген. Оның айтуынша биыл жылдағыдан қар мол түскен. Қазір қала аумағындағы қауіпті жерлер қатаң бақылауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу