8 шілдеде құтқарушылар Ақтөбе қаласының "Тропикана" демалыс базасы аумағында ағыс жағадан алып кеткен азаматтарды іздестірді.
"Катамаранда 3 адам болған. Құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім мен 20 жастағы ер адам құтқарылды. Жағаға ораларда құтқарушылар жағадан алыстап кетіп, жете алмай тұрған адамды да құтқарды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Олармен судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу