Ақтөбеде суға түсу маусымы ашылды

428

203 орында суға түсуге тыйым салынған белгі қойылған.

Ақтөбеде суға түсу маусымы ашылды Фото: inbusiness.kz

Ақтөбеде 1 маусымнан бастап судағы демалыс орындары жұмысын бастады. 67 нысанның 44-і коммуналдық, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Жағажайларда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 64 адам құтқарушы курсын аяқтаған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, суға түсуге тыйым салынған орындарға 203 белгісі қойылған.

Өзен-көлдердің айналасында рейд жұмыстарынан бөлек, суда құтқаруға еріктілер де араласады. 

Өткен жылы 19 адам суға кетіп қайтыс болды. Оның ішінде – 9 бала. Көп жағдайда суда жүзі білмейтіндер және тыйым салынған жерде шомылғандар суға кеткен. Ал биыл 4 оқушы суға кетіп, қайтыс болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу