Ақтөбеде суицид жасау көбейіп барады

547

Бұл туралы арнайы талдау жасаған Ақтөбе облыстық прокуратурасы мәлімдеді. Өз-өзіне қол салу себептерін талдай келе, оның алдын алу шараларын қабылдау қажет екендігін айтып отыр.

Ақтөбеде суицид жасау көбейіп барады Фото: yandex.kz

Прокурорлардың дерегінше, күн сайын орта есеппен 2 суицид жасалады.  Биыл  адамдардың өз-өзіне қол жұмсау 128-ден 168-ге дейін көбейген. Оның ішінде 47 адам қайтыс болды. Өзіне қол жұмсауға тырысқан  121 адамды дер кезінде құтқарып қалған. 

Соңғы уақытта көпқабатты үйлерден секіріп, өз өсірін өзі қию дерегі қоғамда қызу талқыға түсті. Тек сәуір айының өзінде үш әйел көпқабатты үйден секірді. Оның екеуі – "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінен секіріп , мерт болды.  

 Қазіргі уақытта облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органның атына суицидтің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау туралы хат жолдады.

Онда  суицидтер жиі жасалатын орындарға мониторинг жүргізіп, "Ақтөбе-Ажары" тұрғын үй кешенінде балкондарының ашық учаскелеріне қоршаулар орнату,  люктерге құлыптар орнату арқылы көп қабатты үйлердің шатырларына кіруді шектеу бойынша кондоминиум төрағалары және мүлік иелерінің бірлістігі басқарушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі жөнінде айтылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу