Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды

170

Кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс жасаған.

Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды Фото: Автокод Объявления

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары "Восход Хром" ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде бұзушылықтарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннаданастам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тоннакөлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды.

Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.

Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу