Ақтөбеде таеквондодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті

1086

Ақтөбеде таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҰОК сайты Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтемемен.

Ақтөбеде таеквондодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті

Үш күнге созылған ел чемпионатына 478 спортшы қатысты.

Командалық есепте бірінші орын 241ұпай иеленген Алматы қаласына бұйырды. Құрама еншісінде 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль бар.

Алматы облысының құрамасы екінші орынға жайғасты. Жетісулық спортшылар 127 ұпай мен 10 медаль алса, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 3 қола. Ал еншісіне 113 ұпай тиген Қызылорда облысының таеквондошылары үздік үштікті қорытындылады. Олардың еншісінде 8 медаль бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу