Ақтөбеде таеквондодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

688

28-30 наурыз күндері Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ақтөбеде таеквондодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Бұл туралы Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Үш күн бойы СҚО-дан бөлек еліміздің барлық өңірінен 478 спортшы 20 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. 

Ал жүлделі орыннан көрінгендер ҚР ұлттық құрамасының қатарына шақырылып, бұл құрам Болгария астанасында өтетін әлем чемпионаты мен Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу