Ақтөбеде тағы да жалған хабарлама тарады

993

Бұл жолы мектеп-гимназияға "бомба қойылғаны" айтылды. 

Ақтөбеде тағы да жалған хабарлама тарады

Жаңа оқу жылы басталғалы әлдебір қаскөйлер ақтөбеліктерді әбігерге түсірумен болды. Енді қаладағы кәсіптік оқу орнына бомба қойылғаны жөнінде жалған ақпарат келіп түсті, деп жазды inbusiness.kz  тілшісі. 

Бүгін Ақтөбедегі облыстық полиция департаментінің құжатпен қамтамасыз ету бөлімінің электрондық поштасына Тургенев көшесі 75 мекенжайындағы ҚазГЗУ мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шығып, ғимаратты жарылғыш құрылғылардың бар-жоғына тексеру ұйымдастырады. Абырой болғанда, жарылғыш құрылғылар табылмаған. 

"Полиция департаменті анонимді хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", деп хабарлайды аталған мекемеден.

Айта кетейік, бұған дейін 1-2 қыркүйек күндері белгісіз біреулер қаладағы бес мектепке жарылғыш зат қойылғанын айтып, екі күн бойы көпшілікті әбігерге түсірген еді. Олардың кім екені және бүгінгі оқиғаға қатысы бар-жоғы әлі анықталмаған. Егер "қалжың иесі" табылып, кінәсі дәлелденген жағдайда бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу