Сағат 14:30-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбенің АЗФ ауданындағы көпір қасында суға түсуге рұқсат етілмеген жерде 2 жасөспірім суға кетіп қалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 3 баланы ағыс алып кеткені белгілі болып, оның біреуі өз күшімен шыққаны анықталды.
Алдын ала ақпарат бойынша, 16 жастағы жасөспірімдер жүзу білмеген.
Сүңгуірлер сағат 16:30-да жағадан 100 метр қашықтықта тереңдігі 3,5 метр тереңдіктен 16 жастағы жасөспірімдердің денесін судан шығарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу