Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары жедел шара барысында "Kia Rio" көлігін мас күйінде жүргізген рэп орындаушысын тоқтатқан.
Тінту кезінде одан шағын орамадағы синтетикалық есірткі табылып, сараптамаға жіберілді.
– Медициналық куәландыру кезінде оның есірткіге мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Есірткі құралдарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу