Ақтөбеде қыркүйек айында "Тары атасы – Шығанақ" облыстық тары фестивалін өткізу жоспарда бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Биыл "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табады. Мәселен, "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында 32 ескерткіштің 3D моделін әзірлеу, 16 ескерткішке QR-код орнату және үш тілдегі веб-сайтты әзірлеу үшін 8 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өңірде кітапханалар жанынан төрт коворкинг орталық ашылды, тағы алты коворкинг орталық қолданысқа беріледі.
"Тары атасы – Шығанақ" облыстық тары фестивалін өткізу жоспарда бар. Фестиваль Ойыл ауданының орталығында күзде өтеді. Оған барлық аудан қатысып, тарының бірнеше сұрпы көрсетіледі", – деді халық шығармашылығы орталығының баспасөз қызметкері Гүлнар Сейталина.