Жарысқа Нұр-Cұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларынан 62 қатысушы қатысты деп жазады федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған Olympic.kz.
Қыздар арасында ақтөбелік Ева Корышева үздік атанды, ол ақтық сайыста алматылық Данайя Амангажиеваны жеңді. Үшінші орынды ақтөбелік Аружан Дандаева иеленді.
Ұлдар арасында бірінші орынды Мансұр Қайролла (Нұр-Cұлтан) иеленді. Шешуші кездесуде Мансур Ярослав Пшеничныйды жеңді. Жүлделі үшінші орынды Тараздан келген Дамир Дүйсенғазин қанжығасына байлады.
Қыздар арасындағы жұптық сайыста Аружан Дандаева мен Ева Корышева жеңсе, ұлдар арасында Мансұр Қайролла мен Дамир Дүйсенғазин топ жарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу