Ақтөбеде той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

148

Кейбір автокөліктерге заңсыз түрде арнайы жарық құрылғылары – жарқылдақ маяктарға еліктейтін стробоскоптар орнатылғаны белгілі болды.  

Ақтөбеде той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері жүргізген әлеуметтік желілерді мониторингтеу нәтижесінде үйлену той кортежінде қозғалған бірнеше автокөліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Патрульдік полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында аталған автокөліктерді анықтап, жүргізушілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартты.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Заң талаптарын елемеу жүргізушілердің өз өміріне ғана емес, айналадағы адамдардың да қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу