Тергеу барысында күдікті наурыз айының соңында манипулятор жалдап, үш электр трансформаторын ұрлағанын мойындады, деп жазады inusiness.kz сайты.
Бірінші трансформаторды Алға қаласының маңында ұрласа, қалған екеуін Ақтөбе облысының орталығында салынып жатқан кемпинг пен электр қосалқы станциясының құрылыс алаңынан алған.
Жалпы шығын шамамен 3 миллион теңгені құрайды.
Ұрланған трансформаторларды күдікті сатпақ болған.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Полиция кәсіпкерлерді құрылыс алаңдары мен кәсіпкерлік объектілерінің аумақтарын бейнебақылау камераларымен жарақтандыруға және ұрлықтың алдын алу мақсатында тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етуге шақырады.