Ақтөбеде түйеқұс шаруашылығы жұмысын тоқтатты

1276

Ақтөбеде түйеқұс шаруашылығы жұмысын тоқтатты

Ақтөбе облысы Қобда ауданында түйеқұс өсіруді қолға алған шаруа жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы Қобда ауданының кәсіпкері Сайлау Матаев түйеқұс өсіру үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" Ақтөбе филиалы арқылы 1,7 миллион теңге несие алып, Ресейдің Самара қаласынан түйеқұстың балапанын әкелді. Шаруа алдын-ала түйеқұс өсірудің жолдарын үйреніп, көрші елге барып келген. Бірақ оның жұмысы алға баспады.

"Елімізде өзіндік құнын өтей алмайтын шаруашылықтарға субсидия беріледі. Түйеқұс шаруашылығы бірегей бағыт, еті мен жұмыртқасы жеңсік ас болған соң, шығыны өзін-өзі өтейді деп есептеледі. Бұл бағыттағы шаруашылыққа субсидия қарастырылмаған.  Түйеқұсты әкеліп, бағып, өсіріп, бірден пайдаға кенелемін деп жоспарлауға да болмайды. Шетелден әкелінген кез келген мал ауа райына, жерге 1-2 жыл үйренеді. АҚШ, Еуропадан әкелінген ірі қара мал да 1-2 жыл бейімделеді, шаруалар шығындалады. Ал түйеқұс шаруашылығын қолға алған кәсіпкер бұл жұмысты әрі қарай жалғастыра алады. Кез келген кәсіпкер алдымен тауардың сатылуын, сұранысын нақтылап алуы тиіс", - деді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сарсембай. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу