Ақтөбеде тұрғын үй жалдау ақысы төмендетілді

170

Бұрын тұрғындар 1 шаршы метр үшін 141,3 теңге төлеген болса, енді ол мөлшер 70,65 теңгеге теңестірілді.  

Ақтөбеде тұрғын үй жалдау ақысы төмендетілді Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспаналардың төлем ақысы төмендетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, тұрғын үй жалдау ақысының 50%-ға негізсіз қымбаттауы анықталды. Ойыл ауданында әкімдіктің қаулысымен жалдау ақысы белгіленгенде есептеулер әдістемеге сәйкес жүргізілмеген. Бұл жағдайды тексеру барысында прокурорлар қадағалау актісін енгізіп, әкімдіктің қаулысын жойды. Нәтижесінде, жалдау ақысы 8 733 теңгеден 4 367 теңгеге дейін төмендетілді.

Бұл өзгерістерге байланысты 70 азаматтың төлемдеріне қайта есептеу жүргізіліп, 2025 жылғы жалдау ақысы бойынша 3,1 млн теңге қайта есептелді. Сонымен қатар, жалдау ақысын ішінара төлеген 75 азаматтың қарызы 3,3 млн теңгеден 2,5 млн теңгеге қысқартылды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 145 азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, нормативтік құқықтық акт заңнамаға сәйкестендірілді. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу