Ақтөбе тұрғыны өзін жарып жіберді

688

Ақтөбе тұрғыны өзін жарып жіберді

Ақтөбеде жеке компанияның 48 жастағы қызметкері өзін жарып жіберді, деп хабарлайды aktobenews.kz.

Оқиға 6 маусым күні тіркелген. Сағат 12:20 шамасында полицияға хабар түскен. Жеке мекеменің 48 жастағы жұмысшысы жарылғыш затпен өзіне қол жұмсаған.

"6 маусым күні 1970 жылы туылған науқас жедел жәрдем ауруханасына травматикалық шокпен түсті. Ол кісіге үш бригадалық топ ота жасады. Науқас кеше сағат 8:20-да көз жұмды", — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Гүлнәр Мәмбетжанова.

Оқиғаны растаған ІІД-нің баспасөз қызметі тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлады.

"312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы бойында орналасқан жеке компаниялардың бірінің аумағында жарақат алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Мәлім болғандай, Ақтөбе қаласының тұрғыны өзіне өзі қол жұмсаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", — дейді ІІД-нің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу