Ақтөбеде түрмеге телефонды жасырын өткізбекші болған азамат ұсталды

827

Күзет бөлімінің қызметкерлері жасырылған телефонды  сәлемдемені тексеру кезінде анықтаған. 

Ақтөбеде түрмеге телефонды жасырын өткізбекші болған азамат ұсталды Фото: Ақтөбе ҚАЖ департаменті

Тергеу изоляторына әкелген донердің ішіне фольгаға мұқият жасырылған шағын телефонның ішінде SIM- картасы да бар болып шықты.

"34  жастағы қала тұрғыны телефонды досына әкелген. Айтуынша, абақтыдағы азамат "Бопсалау" бабы бойынша айыпталып отыр.

Түрмеге тиым салынған затты өткізбекші болған қала тұрғынына әкімшілік хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды"- дейді Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі  департаментінің  баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Тамақтың арасына тиым салынған заттарды өткізбекші болған жағдайлар бірінші рет емес. Тергеу изоляторының қызметкерлері   жыл басынан бері 19 телефон тәркілепті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу