Ақтөбеде атыс болып, бір адам қаза тапты

250

8 адам жараланды. 

Ақтөбеде атыс болып, бір адам қаза тапты Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында қазір 8 адам ем алып жатыр. Олар 18-22 жастағы жігіттер. Бәрінің аяғында бытыра жарақаты бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

- Түнгі сағат 2 шамасында белгісіз біреулер клиникалық өлім жағдайындағы жігітті жеткізді. Ол бірден реанимация бөлімшесіне жатқызылды, реанимациялық іс - шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже болмады, науқас қайтыс болды, ол 18 жаста еді, - деді ШЖҚ "көпсалалы облыстық аурухана" МКК травматология бөлімінің травматолог-дәрігері Жаслан Урумбаев.

Таңертең дәрігерлер жарақат алған науқастардың жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Бұл іс бойынша полиция төрт күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау ихоляторына қамауға алынды.  

Аталған іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу