Ақтөбеде ҰБТ барысында 140 "өнертапқыш" анықталды

1050

16-19 қаңтар аралығында Ақтөбе  облысында ҰБТ-ның алғашқы кезеңі өткен болатын.

Ақтөбеде ҰБТ барысында 140 "өнертапқыш" анықталды

"Облыс бойынша 4593 оқушы қатысып, соның 140-ы өздерімен бірге сынаққа рұқсат етілмеген зат кіргізгені үшін залдан шығарылды,– деп хабарлады "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Сынақ талапқа сай өтуі үшін "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтың мүшелері бақылаған болатын.

"Бақылаудың қорытындысы бойынша алғашқы Ұлттық біріңғай тестлеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттармен 80 оқушы және тестлеудің өтуі барысында 60 мектеп оқушысы тыйым салынған заттармен ұсталды",– дейді бақылаушылар.

Айта кетсек, ҰБТ-ның бірінші кезеңі өңірде 5 жерде: Комсомол ауылы, Шалқар, Қандыағаш, Хромтау және Ақтөбе қаласында өтті. Қысқы маусымда ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған 140 мектеп оқушысы өз бақтарын көктемгі маусымда сынай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу