Ақтөбеде учаскелік дәрігерлердің еңбекақысы 20-25 пайызға көбейеді

794

Сонымен қатар, Ақтөбе облысына 36 санитарлық автокөлік алу жоспарланды. Оның 13-і реанимобиль, 3-і жылжымалы медциналық кешен.

Ақтөбеде учаскелік дәрігерлердің еңбекақысы 20-25 пайызға көбейеді

Биыл Ақтөбеде учаскелік дәрігерлердің жүктемесін азайту жұмысы жүреді. Бір дәрігерге 1500 адам міндеттеледі, деп хабарлайды aktobenews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша осы жылы қосымша 23 учаске ашылады. Сонымен қатар, диспансерлік есепте тұрған науқастар бақылауға алынады. Қан қысымының жоғарылауы, созылмалы жүрек жетіспеушілігі және қант диабетіне бақылау күшейеді.

"Осы үш дерт есепте тұрған адамдардың 70 пайызын қамтиды. Жүкті әйелдер мен жүктілікті жоспарлау да бақылауда болады. Учаскелік дәрігерлердің еңбекақысына 20-25 пайыз ақша қосылады. Қазір бұл іске асырылып жатыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 288 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қазір 1041 медицина қызметкер арнайы сертификат алып, жұмыс істеп жатыр",– деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, ауылдағы медциналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету де жоспарланды. Өткен жылы 18 медициналық нысан іске қосылды. Биыл 10 нысан салынады. Сонымен қатар, Ақтөбе облысына 36 санитарлық автокөлік алу жоспарланды. Оның 13-і реанимобиль, 3-і жылжымалы медциналық кешен.

"Өткен жылы 34 ауылға жылжымалы медциналық кешен барды. Кардиодесант, онкодесант жұмыс істеп тұр. Мобильді кластермен ауылға барып, көпбалалы, мұқтаж отбасыларды тексеру жүріп жатыр. Сенбі сайын емдеу мекемесінде ашық есік күні өтуде", – деді Әсет Қалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу