Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен

205

Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.  

Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу)қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды.

Тергеу барысы облыс прокуроры Х.Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында "Safina" тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және "Алтын Орда" аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

Осыған орай, Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу