Ақтөбеде университет директорының әйелі оқуға түсіру үшін талапкерлерден ақша алған

617

Ақтөбеде Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің жетекші маманы алаяқтықпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Диапазон" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде университет директорының әйелі оқуға түсіру үшін талапкерлерден ақша алған Фото: Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті

Ол студент боламын деушілерден оқуға ақша алып, өз қалауы бойынша жұмсаған. 

Өзін оқу орнында әдіскер ретінде таныстырып, қабылдау жарнасын оның жеке банк шотына аударуға немесе қолма-қол беруге болатынын айтқан.

Осылайша, жәбірленушілердің бірі оған бір жарым миллион теңгеге жуық ақша төлеген. Бірақ кейін оның университет студенті ретінде тізімде жоқ екенін білген.

Дәл осындай схемамен алданып қалған басқалары оған 100 мыңнан бір жарым миллионға дейін ақша аударған. Кейбіреулер бірден бірнеше жыл білім алу үшін ақша төлеген. Содан олар ақшаның университетке жетпегенін білген.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Ол университеттің Ақтөбе филиалын күйеуі басқаратынын, оның барлық аударымдардан хабардар болған деп отыр.

Сөйтіп сот әйелді алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған ақшаны жәбірленушілерге қайтаруды міндеттеді және 3 жылға бас бостандығынан айырды.

"Іс облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында қаралып, сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Сот ұйғарымында іс апелляциялық тәртіпте қаралған кезде сотталушының өкініп, барлық жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуіне байланысты жаза жеңілдетілгені атап өтілді. Сот қаулысы заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу