banner

Ақтөбеде үш күн бойы іздестірілген ер адам құтқарылды

391

Құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Ақтөбеде үш күн бойы іздестірілген ер адам құтқарылды Фото: eldala.kz

16 сәуір күні  112 құтқару қызметіне ауа райының қолайсыздығына байланысты Әйтеке би ауданы Толыбай ауылынан Жабасақ ауылы бағытына қарай мал іздеп шыққан тұрғынның хабарсыз кеткені туралы хабарланған. Ауданда аталған күндері дауылды ескерту жарияланған. Дауылды ескертулерге қарамастан  ер адам жоғалған  малын іздеуге шыққан.

Іздестіру құтқару жұмыстарына аудандық ТЖБ қызметкерлері, полиция бөлімі және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іздестіру құтқару жұмыстары 3 күнге созылды.

Іздестіру құтқару жұмыстары  нәтижесінде жоғалған азаматты құтқарушылар Ақсу қыстағының маңынан 5 км қашықтықта тапты. Құтқарушылар 35 жастағы ер адамды Толыбай ауылына  жеткізді. Құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медицина қызметкерлерінің бақылауында", делінген баспасөз хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу