Ақтөбеде үш оқушы суға кетіп, қайтыс болды

460

Қайғылы жағдай Әйтеке би ауданының Аралтоғай ауылынан 3 шақырым жердегі Ырғыз өзенінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде үш оқушы суға кетіп, қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Кәмелеттік жасқа толмаған үш қыз бір-біріне туысқан болып келеді. Біреуі қонаққа келген қыз бала. Қыздардың жанында біреуінің анасы да болыпты. 

Олар тиым салынған жерде шомылған. 12 және 16 жастағы қыздың денесін өзеннен куәгерлер алып шыққан.

2013 жылғы туған қыз баланың денесін жедел құтқару жасағының құтқарушылары сағат 21:32-де жағадан 10 метр қашықтықта 6 метр тереңдіктен денесін судан шығарды. 

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 11 адам суға кетіп қайтыс болды, оның 9-ы - бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу