16 қазанда облыстық перинаталдық орталықта Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім есімді ұлдар өмірге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сәбилердің туған кездегі салмағы 2655, 2255 және 2355 гр.
15 күн бойы жаңа туған нәрестелер мен 32 жастағы ананың денсаулығын орталық мамандары бақылап отырды.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 13 618 жаңа туған нәресте дүние есігін ашты. Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің көмегімен 10 айда 74 егіз және 3 үшем туылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу