Ведомствоның мәліметінше, жуырда облыстық перинаталдық орталықта ерекше оқиға болған. Биыл облыстық перзентханада екінші мәрте үшемдер дүниеге келіп отыр.
Салмағы 2060, 1930 және 2260 грамм болатын нәрестелер жүктіліктің 32 аптасында операция арқылы мерзімінен бұрын туған.
Шақалақтардың үшеуі де қыз бала. Ерлі-зайыптылардың бұдан бөлек тағы 3 баласы бар. Осылайша, олар көпбалалы отбасылар қатарына қосылды.
"Жас босанған ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Қазір облыстық перинаталды орталық дәрігерлерінің бақылауында", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу