Ақтөбеде веложолақтар салынады

849

Оған 1,2 млрд теңге бөлінбек.

Ақтөбеде веложолақтар салынады

Ақтөбеде велосипед жолағын төсеуге тендер жарияланды. Оның ұзындығы 52 шақырым, бөлінетін қаражаты 1 200 000 000 болмақ, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетейік, жұмыс 2- жылға есептелген. Сұралған 1,2 млрд.теңге қаражаттан биылға 50 млн теңге салынып та қойыпты. 

"Велосипедшілер бірнеше жылдан бері оларға жол салуды сұрап келеді. Біз олардың да құқығының қорғалуын ойлауымыз керек", - дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.

Бұдан бөлек, қалада веложолдар салынып, жеңіл көлік иелерінің көбеюі экологиялық ахуалдың жақсаруына жол ашады деп күтілуде. 

Десек те, тұрғындар арасында мұндай жобаға миллиардтаған ақша бөлінуін құптамай отырғандар да бар. Олардың алға тартатыны, алдымен шұрқ тесік болып жатқан автокөлік жолдарын түзеу керек, веложолақтың жайын содан кейін ойлауға болады. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу