Ақтөбеде вирусты инфекция жұқтырған бала жансақтау бөліміне түсті

672

Ақтөбеде жедел респираторлы вирустық инфекция өршіп тұр. Індет жұқтырған 8 жастағы бала ауыр халде жансақтау бөлімінде ем алып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ақтөбеде вирусты инфекция жұқтырған бала жансақтау бөліміне түсті Фото: ru.freepik.com

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, баланың өкпесі қабынған. Індет әсіресе балалар мен жүкті келіншектер арасында көп тараған. Иммунитеті әлсіз, әрі созылмалы аурулары барларға оңай соқпай тұр.

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың мәлімдеуінше, облыста індеттің бұл түрімен 14 жасқа дейінгі 783 бала ауырып жатыр. Соның ішінде 10,1 пайызы, яғни 1 жасқа дейінгі сәбилер.

Санитар-эпидемиологтар вирусты инфекция жұқтырғандар саны шамадан тыс артса, мектептер мен балабақшалар онлайн жұмыс тәртібіне ауысуы мүмкін екендігін айтты.

"Егер бір сыныпта оқушылар санынан 20-30 проценті ауырса, онда сол сыныпты әр оқу кабинетіне көшіріп оқу тоқтатылады, кабинетке басқа балалар кірмейді. Егер сыныптағы оқушылардың 30 пайыздан жоғарысы ауырса, ол кезде сынып онлайнға көшіріледі. Егер мектеп, балабақшада сырқаттанған оқушылар саны 30 пайыздан асса, мектеп, балабақша жұмысы уақытша тоқтатылады. Әзірге облыс аумағында ондай жағдай тіркелген жоқ," - деді Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу