Ақтөбеде "Выгодный депозит" ұйымдастырушысы 10 жылға сотталды

398

Ақтөбеде "Выгодный депозит" қаржы пирамидасын құрып, оған жұмыс істеген алты адам сотталды.   

Ақтөбеде "Выгодный депозит" ұйымдастырушысы 10 жылға сотталды Фото: freepik

Пирамида ұйымдастырушысы 10 жыл, қалған бесеуі 8 жыл бас бостандығынан айрылды. Олардың мүлкі тәркіленеді және жәбірленушілерге келтірген шығынды өтейді, деп жазады inbusiness.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, "Выгодный депозит" қаржы ұйымы 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы ақпан аралығында Батыс Қазақстан бойынша жұмыс істеген.

Оларға 700-ден астам адам қаржы салып, алданып қалған. Бұл ұйымға жылжымайтын мүлік, қаржы салып зардап шеккендердің ең үлкен соммасы - 40 млн теңге. Ал жалпы шығын 4 млрд теңгеден асады. 

"А.-ға түпкілікті 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 7 жыл қаржы ұйымдарын басқаруға тыйым салынсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды" – деді №2 Ақтөбе сотының судьясы Жанас Қуанышев.

Айта кетейік, қаржы ұйымының мүшелері 2022 жылдың соңында қамауға алынған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу