Ақтөбеде заманауи технологиямен жабдықталған перинаталды орталық ашылды

1142

Ақтөбеде тұрғындар көптен күткен бірегей перинаталды орталық ашылды. Орталықта 500 грамм болып туған нәрестелерді қатарға қосатындай мүмкіндік жасалған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтөбеде заманауи технологиямен жабдықталған перинаталды орталық ашылды

Жаңа перинаталды орталықта жүктілік пен неонаталдық кезеңнің асқынуларына байланысты медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Соның ішінде, мұнда салмағы 500 грамм болатын шала туған шарананы және олардың аналарын күтіп-баптайтын арнайы бокстар бар. Сондай-ақ, әрбір операциялық және реанимациялық бөлме медициналық газды орталықтан беретін консольмен, наркозды-тыныс алу аппараттарымен және ана мен жаңа туған сәбидің жағдайын бақылайтын мониторлармен жабдықталған. Медициналық көмек көрсететуге және жаңа туған сәбиді күтуге арналған бөлмелер ауаны залалсыздандыратын желдеткіш жүйемен жабдықталған.

Мекемеде 190 кереует және 120 келушіге арналған кеңес беру-диагностикалық орталығы бар. Штатта алты жүздей адам еңбек етеді.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу