Ақтөбеде заңсыз жүрген алты шетелдік анықталды

424

Көші-қон заңнамасын бұзған Ауғанстанның 6 азаматы анықталды.  

Ақтөбеде заңсыз жүрген алты шетелдік анықталды Фото: polisia.kz

Олардың үшеуі Қазақстан Республикасында көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып, виза мерзімі өткеннен кейін елден кетпеген, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру кезінде шетелдіктер Қазақстанға 2023 жылы қарашада жеке компаниялардың шақыруы бойынша іскерлік санаттағы визалар негізінде келгені белгілі болды. Шетелдіктерді қабылдаушы тұлға олардың елден кетуі жөнінде шаралар қабылдамаған, сондай-ақ шетелдіктердің өздері Қазақстан Республикасынан өз бетінше кетпеген.

Заңсыз келген шетелдіктер мен қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу