Ақтөбеде зауытта қаза тапқан жұмысшының бауыры ұсталды

1231

Жұмыс орнында төрт жұмысшы мерт болған Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы апатқа байланысты жаңа дерек пайда болды.  

Ақтөбеде зауытта қаза тапқан жұмысшының бауыры ұсталды

Еңбек заңдылығын бұзды деген күдікпен қайтыс болғандардың бірінің ағасы ұсталып отыр. Алайда, күдіктің әріптестері де, туыстары да оның кінәлі екеніне сенбейді.

"Менің бауырларым бұл зауытта 25 жылдан артық жұмыс істеген тәжірибелі мамандар, олардың олқылық жіберуі мүмкін емес. Неге қылмыстық іс бойынша  менің ағамды ғана жауып отыр, цех бастығы, басқалар неге жауап бермейді?  Қазір ыстық буды осы осы ауысымда бригадир болған Бисембин Тұрар жіберген дейді, ол оқиға орнында болған да жоқ, қалай жібереді?" – дейді Жұмагүл Бисембина. Оның тағы бір бауыры Орынбасар Бисембин зауыттағы апат кезінде қаза тапқан.

Қалған мәліметтер тергеу жүруіне байланысты жарияланып отырған жоқ. Зауыттың алпыс жылдық тарихында мұндай қайғылы оқиға бірінші рет орын алып отыр екен.

"Жұмысшылар – бұрыннан жасап келе жатқан кісілер. Қолдарында нұсқаулықтары бар, арнайы қорғаныш киімдерін киген. Бактар бізде тұрақты тазартылып тұрады, ол қалыптасып, жолға түскен процедура болатын", –  дейді Ақтөбе хром қосындылары зауыты өндірістік бөлімнің бастығы Алексасандр Асык.

Оқиғаның қалған екі куәгері қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің олардың жағдайын әзірге ауыр деп бағалайды, біреуінің денесінің 60-65 пайызын, екіншісінің – 30- 35 пайызын күйік шалған.

Құралай Қуатова,

Ақтөбе облысы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу