Ақтөбеде "Жайлы мектеп" аясында 14 мектеп қолдануға беріледі

402

Жалпы жоба бойынша облыста барлығы 18 мектеп салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде "Жайлы мектеп" аясында 14 мектеп қолдануға беріледі Фото: nazarmedia.kz

Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаевтың айтуынша, 13 мектеп Ақтөбе қаласында орналасады. Себебі облыс орталығында орын тапшылығы арта түскен.

"Жайлы мектептің" ең басты мақсаты – үш ауысымды, орын тапшылығы бар және апатты мектеп мәселесін шешу. Биыл 14 мектептің құрылысы басталды. Олар Ақтөбе қаласы мен Темір, Шалқар, Мәртөк аудандарында. Ұлттық қордан 90 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылына дейін 300, 600, 900 орындық 10 мектеп қолданысқа беріледі, ал өзге төртеуінде құрылыс жыл соңына қарай аяқталады. Құрылысы ұзаққа созылатыны 2 мың орындық мектептер", - деді Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.

Ақтөбе қаласындағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін мектептерге жапсарлас ғимарат салынып жатыр. Былтыр №14, 12, 23 мектеп жанында құрылыс жүрді. Биыл №8, 60, 51, 49, 47 мектептерге жапсарлас ғимарат салынады.

"Қазіргі таңда білім саласына қатысты 44 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде мектеп, жапсарлас құрылыс, балабақша бар. Аудандарда апатты, ескі мектептер болса, қалада көбіне үш ауысымды мектеп мәселесін шешу жолы қарастырылған. 2025 жылы өңірдегі мектеп мәселесі түгел шешіледі", - деді Аслан Жарасбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу