Ақтөбеде жайма мен кеспе шығаратын цех іске қосылды

1273

Ақтөбеде жайма мен кеспе шығаратын цех іске қосылды

Ақтөбе өңіріндегі ең ірі диірмен комбинаты ұлттық тағамдар дайындай бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Комбинат Қазақстанның астық индустриясы құрылымына кіреді. Мұнда тәулігіне 550 тонна бидай өңделеді. Дайын өнімді йод, темір және өзге де пайдалы заттармен нәрлендіреді.

Ақтөбеде сатылатын жайма мен кеспе көбінде оңтүстіктен тасымалданатын. Енді жергілікті кәсіпорын жайманың 7 түрін шығара бастады. Су жаңа цехтың сағатына 200 келі өнім шығаруға қуаты жетеді. Пайдалы заттармен нәрлендірілген ұннан дайындалатын өнім итальяндық желіде жасалады.

Жаңа цехты жабдықтауға 170 млн теңге жұмсалған. Қаржының басым бөлігін екінші деңгейдегі банктен несиеге алса, пайызының жартысын мемлекет субсидиялаған. Ширек ғасырға жуық тарихы бар комбинат бұрын тек ұн шығаратын. Ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етіп, қалғанын экспортқа дайындайды. Сапалы ұнға көршілес Ресей кәсіпкерлері көп тапсырыс  береді. Сондай-ақ Кедендік одақ мол мүмкіндік ашқан.  

Жақында комбинатта тағы бірнеше цех ашу жоспарда тұр. Ендігі жерде сұлы жармасы, тез пісетін кеспе және кондитерлік өнімдер шығарылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу