Ақтөбеде жалған шот-фактуралар жазған жеке серіктестік анықталды

489

Компания бюджетке 164 млн теңгеден аса шығын келтірген.  

Ақтөбеде жалған шот-фактуралар жазған жеке серіктестік анықталды Фото: Google

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖШС кәсіпорынға еш қатысы жоқ адамның атына ресімделген, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік атынан жұмыстарды, қызметтер көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай, шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі өндірісті тіркеді.

"Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тиіс шығыны 164 млн теңгеден асты. Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Ю.В. Авдонин қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті. Сот шешімімен ЖШС-ның мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу