Ақтөбеліктер 19 қазаннан бастап Таиланд, Пхукет аралдарына, 24 қазаннан бастап Дубайға, қарашадан бастап Ташкентке, сондай-ақ Самараға ұша алады. Одан бөлек, ішкі рейс те жаңартылып отыр. Ақтөбеден Орал қаласына 1 қарашадан бастап тұрақты рейс ашылмақ. Ал 2023 жылдан бастап Ақтөбеден Көкшетау, Өскемен, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Үрімжі, Чехия астанасы Прагаға жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр.
Бүгінде халықаралық әуежай 12 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. Былтыр әуежай 750 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп, 20 мың тоннадан астам жүк қабылдаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу