Ақтөбеде жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1357

Ақтөбеде жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Ақтөбеде елорда күнін мерекелеу аясында бірқатар жаңа өндіріс орындары іске қосылды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Іске қосылып тұрған "Каспий плюс" ЖШС кəсіпорнында металл өңдеу желісі кеңейтілді. Қазақстан аумағында теңдесі жоқ бірегей кəсіпорын мемлекет басшысының импортты алмастыру бойынша тапмырмасын жүзеге асыру аясында тау-кен жəне кен игеру өнеркəсібі үшін бекіту өнімдерінінің бірнеше түрін шығарумен айналысады. Зауытта алдыңғы қатарлы инновациялық технология пайдаланылады. Барлық өнім жергілікті мазмұндағы жоғары үлесі бар СТ-KZ сəйкестендіру сертификатына ие. 

Сондай-ақ, Мәртөк ауданының Қазан ауылына газ берілді. Елді мекенді газдандыру үшін 134 млн теңге бөлінді. 520-дан астам адам тұратын 135 үй мен орта мектеп көгілдір отынмен қамтылды.

Сонымен қатар, Мәртөк ауданының Аққұдық ауылдық округіне қарасты Достық ауылында 40 орындық "Аслан Әли" балабақшасы өз есігін айқара ашты. Оның ерекшелігі – балалар үш тұғырлы тіл қағидасы бойынша оқытылатын болады, ал мектепке дейінгі мекемелерге балалар тегін барады.

Жаңа Әлжан диірмен комбинатында өнімділігі сағатына 200 келі болатын жайма және кеспе ұлттық тағамдарын шығаратын   "Italpast" итальян өндірушісінің кешенді желісі пайдалануға берілді. Жоба құны 170 млн теңгені құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу