Ақтөбеде Тәуелсіздік күні қарсаңында 900 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ордасына Әбіш Кекілбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды aktobenews.kz.
"Қазақ әдебиетінде Әбіш Кекілбаевтың орны бөлек азамат. Ол кісінің шығармалары мен туындылары тек қазақ тілінде емес, бірнеше тілге аударылды. Елімізде бірлік пен ынтымақтың сақталуына үлес қосқан тұлға. Әбіштің әлемі бөлек. Кекілбаевтың еңбегін дәріптеп, жолын жастарға үйрету біздің міндетіміз. Ол кісі қазақ азаматтары басқа мемлекеттерден қалмасын деп шырылдап жүргенін көзімізбен көрдік", – деді Бердібек Сапарбаев.
Жаңа заман талабына сай ашылған мектеп оқу жылының үшінші тоқсанында іске қосылады. Мектеп құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалды. Онда 40 оқу кабинеті, медиатека, екі спорт залы, төрт технологиялық шеберхана, 300 орындық асхана жұмыс жасайды.