Тілсіз жау 126 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“ЖШС аумағында жанар-жағармай материалдарын айдауға арналған жеке тұрған бір қабатты сорғы станциясының ғимаратында өрт шықты. Өрт аумағы 126 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндірді”, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу