Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды

537

"Тойота Камри" жеңіл көлігі мен жүк көлігі жанып жанып кетті.

Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болып, бірнеше көлік жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Алға қаласындағы Абай көшесінің бойында орналасқан "ЛиманГаз" жанармай құю бекетінде жарылыс болған. Жанармай құю бекетінде сыйымдылығы 46 текше метр болатын екі цистерна жарылған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне хабарлама 17 шілде күні сағат 18:50-де түсті. Құрамында 26 адам мен 7 техника бар қызметкерлер дереу шақырту орнына жөнелтілді", – деп хабарлады ТЖД.

Жарылыс өртке ұласып, алаңы 22 шаршы метр жанар-жағармай құю станциясының ғимараты, "Тойота Камри" жеңіл көлігі мен жүк көлігі жанып жанып кетті. 

"Жалын 19:44-те оқшауланып, 20:02-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу