Ақтөбеде Жаңажол кен орындағы өртте зардап шеккен жұмысшы қайтыс болды

524

51 жастағы жұмысшы 14 мамыр күні түнде қайтыс болған. 

Ақтөбеде Жаңажол кен орындағы өртте зардап шеккен жұмысшы қайтыс болды Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ер адамның  денесінің 70%-ын термиялық күйңік шалған. Басы, беті, аяқ-қолдары күйген. III дәрежелі шок алған.

Еске салсақ,1 мамыр күні сағат 15-30-да жеңіл көмірсутектер алатын құбыр қондырғысында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығып, артынша тұтанған. Салдарынан   4 жұмысы зардап шеккен еді. 

Денесін күйік шалған 4 жұмысшы санавициямен, реанимобильдермен облыс орталығына жеткізілді. Артынан жағдайы ауыр үшеуін Астанаға жеткізген еді. Бір жұмысшы кеше таңертең көз жұмды. Зардап шеккендердің біреуі Астанада,екіншісі Ақтөбеде емін жалғастырып жатыр.

Ақтөбе облысындағы кенорнындағы өртке байланысты "Өрт қауіпсздігі талаптарын сақтамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары басталды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу