Ақтөбеде және елдің бірқатар өңірінде сәрсенбі күні жүргізілген арнайы операция барысында мұнай ұрлығына қатысы бар деп күдік тағылған бірнеше адам ұсталды, сондай-ақ тонауға көмектескен бірнеше діни радикал тұтқындалды, деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"Жедел-іздестіру шаралары өткізу барысында мұнай ұрлығына қатысты күдікті деп танылған бірқатар адам ұсталып, мұнай және мұнай өнімдері толы автоцистерналар әшкереленді. Сонымен қатар, мұнай ұрлаушы адамдарды "қорғап" отырған қылмыстық топтың радикалды салафизмді ұстанушы бірнеше мүшесі тұтқындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу