Ақтөбеде жанып кеткен автобустың иесіне іздеу жарияланды

882

Ақтөбеде жанып кеткен автобустың иесіне іздеу жарияланды

Ақтөбеде жанып кеткен автобустың иесіне іздеу жарияланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратураның қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Азамат Дүйсембековтың айтуынша, Ақтөбедегі автобус өрті Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеліп жатыр. Себебі көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан екі адамнан көп өлім болды. Өзбекстанның 52 азаматы ажал құшты.

"Негізі, қылмыстық іс аяқталуға жақын. Алайда автобус жүргізушілер өз кінәларын мойындап отырған жоқ. Ал автобустың иесіне іздеу жарияланды. Оған қатысты 348-бап бойынша тергеу амалдары басталды. Аталған бапқа сәйкес, теxникалық ақауы бар автобусты жолға шығарғаны үшін көлік иесін жауапқа тарту қарастырылған", - деді Азамат Дүйсембеков Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, 18 қаңтарда "Самара-Шымкент" тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды. 5 адам автобустан шығып үлгерген. Аман қалған 5 адамның екеуі Өзбекстан азаматы, үшеуі Қазақстан азаматы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу