Ақтөбеде жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы қолға алынды

1028

Ақтөбеде жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы қолға алынды

Ақтөбе облысында жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында кең дала және жас старт бағдарламалары қолға алынып отыр. Бұл екі жоба тек Ақтөбе облысында жүзеге асырылмақ. Олардың жалпы қаражат қоры 900 млн. теңгені құрайды. Бұл сомма жасы 29 жетпеген бизнесмендерге және кәсібін шалғай жерде дөңгелентпек ойы бар азаматтарға қарастырылған. Екі жобаның тағы бір ерекшелігі олардың пайыздық мөлшерлемесінде. Мысалы кең дала жобасы аясында 30 млн теңге, ал жас старт бағдарлаасы бойынша 20 млн теңгегені 8,5 пайызбен алуға болады. Осының нәтижесінде өткен жылы пилоттық негізде жүзеге асырылған екі бағдарлама да тиімді деп танылды. Атап айтқанда, жастарды несилеудің нәтижесінде ауылдық жерлерде наубайхана, мейрамхана, кішігірім жылыжай, тұшпара цехтары ашылған. Биылғы жылы, облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, жас кәсіпкерлерді қолдау жұмысы өз жалғасын таппақ.

"Өзіміздің өңірмізде де бағдарламар бар. Олар – кең дала жас старт бағдарламалары. Бұл екі бағдарлама бойынша 900 млн. теңге қарастырылған, беріліп отыр. Берілу пайызы 8,5. Бұл ақша Даму қоры арқылы екінші деңгейлі банктер арқылы беріліп отыр. Даму қоры арқылы кәсіпкерлерге жеткізіледі", - дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы  Анар Даржанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу