Полиция департаментіне Астана қаласындағы университеттердің бірінде білім алып жүрген ауғанстандық жеті студенттің Ақтөбеде жасынып жүргені туралы хабарлама келген. Олардың оқудан шығарылғаны және өз елдеріне қайтарылуы тиіс екені белгілі болды.
Сондай-ақ, шекараны заңсыз кесіп өту арқылы Ресей Федерациясына баруға ниетті екендіктері анықталған. Полицейлер қонақ үйлер мен жатақханаларды және жалдамалы баспаналарды тексерді. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген азаматтар жалға алынған пәтерлердің бірінен табылды.
Шетелдіктер полицияға жеткізіліп, олардан жауап алынды. Енді елордалық құқық қорғаушыларға беріледі. Ұсталғандардың жасы 19 бен 29 аралығында.