Ақтөбеде жазасын өтеп жатқандардың 94 пайызы еңбек етеді

957

Биыл 231 адам жұмысқа тұрды 

Ақтөбеде жазасын өтеп жатқандардың 94 пайызы еңбек етеді

Ақтөбе облысында пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың 94 пайызы жұмыспен қамтылған. Жазасын өтеп жатқан жандардың жұмысбасты болуы олардың қайтадан заң бұзушылық жасауының алдын алатын фактор ретінде қарастырылуда, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Биыл Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты өңірдегі 15 аудандық пробация қызметтерінің қолдауымен пробация есебінде тұрған 231 сотталған азамат жұмысқа орналасты. Осылайша, істі болғандар өңірдегі жеке кәсіпорындар мен әлеуметтік жұмыс орындарына және жұмыс орындарының квотасы арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарға тұрды. Айта кетейік, бұл кісілердің 19 пайызының бұрын ешқандай мамандығы болмаған. 

"Жұмыспен қамту орталықтарымен өткізіліп келетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызы зор екенін ерекше атап өткім келеді. Мәселен, биылғы жыл басынан бастап облыс бойынша 23 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткен болса, оларға облыстағы пробация қызметтерінің есебінде тұрған 146 сотталған адам қатыстырылып, нәтижесінде жетпістен тұрақты жұмысқа орналастырылды",– дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Азамат Наукенов.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу